17 Қар 2023
Жаңалықтар

Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік

Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің №8 «Ақбота» санаторлық бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында жол тәртібіне байланысты 10-шы қараша айында «Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік» тақырыбында мектепалды тобында мемлекеттік автоинспекциясымен байланыс ашық шара болып өтті. Шараға полиция аға лейтенанты: Камалов Батырбек Русланұлы қатысып, балалардың өмірлерін сақтау жөнінде жол тәртібінің белгілерімен, ережелері туралы жан-жақты түсінік берді. Көшеде жүру тәртібін және көше қатынас ережелерін қайталау, балаларды сақтыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру. Сөздік қорларын байыту. МАИ қызметі туралы мағлұмат беру,олардың жалпы жұмыс бағытты туралы тұсіндірді. Ойынды тәрбие құралы ретінде пайдалана отырып, білімдерін бекіту, жол ережесі туралы айтты.

Тәрбиеші: Тулегенова Айтжан