«Қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты
«№8 «Ақбота» санаторлық бөбекжай-бақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау» анықтамасы
03.11.2020жыл
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазанындағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларына» сәйкес «Қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «№8 «Ақбота» санаторлық бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізді:
- Балабақшаның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәекелдерін анықтау;
- Балабақшаның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
№8 «Ақбота» санаторлық бөбекжай-бақшасы комиссия құрамы: төрайымы әдіскер - Имангалиева А.Л; комиссия мүшелері директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары - Кинжигалиева Г.Ж; медбике-Абдирова Ш.С; кәсіподақ төрайымы Сарсекенова Л.Ә., комиссия хатшысы - Давлетова Г.Н.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 20.10.2020 ж.-03.11.2020ж
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық балабақша директоры Т.Ш.Адиловаға жүктелді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімділігі: басталды 20 қазан 2020ж.
№8 «Ақбота» санаторлық бөбекжай-бақшасының 2020-2021 оқу жылына арналған жылдық жоспарға сай:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыруға арналған тәрбиелік іс-шаралар: Балаларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру
топ тәрбиешілері
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыруға арналған тәрбиелік іс-шаралар: Педагогтардың әдістемелік мәжілісі: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мәселесі
Педагогтар, модераторлар
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыруға арналған тәрбиелік іс-шаралар Рухани- жаңғыру: Роль самообразовательной деятельности в жизни современного человека.
тәрбиеші Уразалина Г.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыруға арналған тәрбиелік іс-шаралар: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру тұжырымдамасы жоспарымен таныстыру. Достық, сыйластық, адамгершілік ұғымдарын санаға сіңіру.
Әдіскер Имангалиева А.Л.
топ тәрбиешілері
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыруға арналған тәрбиелік іс-шаралар: Тәжірибе: Ұйымдастырылған оқу қызметі
Суреттер байқауы:« Әділ болу»
Мектепалды даярлық тобы №10 «Болашақ», №16 «Сұңқар»,№17 «Балдырған»
Аталған ашық шаралар сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу мақсатында жүргізілген.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықтау мақсатында балабақшаның қызметін қорғайтын нормативтік құқықтық актілеріне және құқықтық актілерге талдау жүргізілді.
-Балабақша өз қызметін «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы.
-Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі (23 қараша 2015 ж. № 414- V)
-№8 «Ақбота» санаторлық бөбекжай-бақшасының Жарғысы(04.12.2017ж.)
-Қазақстан Республикасының Баланың құқықтары туралы заңы (8 тамыз 2002ж. №345)
-Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы.
-Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексi.
Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
Балабақшаның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бағыты бойынша балабақша қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, кадрлардың тұрақталмауы орын алған жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік қызметкерлердің этика ережесін бұзумен күрестің пәрменділігін арттыру мақсатында мекемеде Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) және сенім телефоны 8 71 22 21-44-86 мекеменің көрнекі жерінде ілініп тұр.
Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар жоқ.
Балабақшаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жоқ.
Балабақша бойынша прокурорлық қадағалау және сот актілері жоқ.
ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті республикалық мемлекеттік мекемесінің хатына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың кері салдарын қалыптастыру мақсатында қазақ және орыс тілдерінде жазылған жадынамалардың көрнекті жерге ілінді.
Балабақша қызметін қорғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал етенін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ. Мекеменің қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.
№8 «Ақбота» санаторлық бөбекжай-бақшасы мемлекеттік мекемесінде ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында, сыбайлас жемқорлық туғызатын анықталған жоқ.
Хатшы: Давлетова Г.Н.