№8 «Ақбота» санаторлық бөбекжай-балабақшасында 3-6 жас аралығында монтессори тобына балалар келіп жұмыстарын жасайды. Бұл топта балаларды 5 сала бойынша дамыту көзделген:
1) Сенсорика (сезім органдарын дамыту)
2) Практикалық өмір дағдылары
3) Математика
4) Тіл дамыту
5) Ғарыштық аймақ
Бұнда Монтессори мұғалімінің міндеті – балаға өз қызметін ұйымдастыруға көмектесу, өзінің жолымен баруға көмектесу, өз әлеуметін кең шамада жүзеге асыруға ықпал ету. М.Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, тандау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді. Осы себептен мен баланың танымдық қабілетін дамытуда монтессори әдісіне негізделген ойындарды, ойындық жағдаяттарды қолданамын. Топта құралдарды қолдана отырып, түрлі ойындар барысында балалар заттарды топтастыруды, заттар мен құбылыстардың әр түрлі қасиеттерін, түсі, пішіні, кеңістікте орналасуы туралы түсініктерді меңгертемін.
Қаракенжиев Дамир блокты цилиндрмен жұмыс үстінде.
№15 II-ші кіші топ.
Нәсіпқали Рамазан рамкалармен жұмыс.
№11 II-ші кіші топ.
Еркін Еркеназ. Ыдыс жуу. №14 ортаңғы топ.
Жақсылық Ақырыс. кір жуу. №15 II-ші кіші топ.
Қабдырахманов Ардақ. Манкіге сандарды жазып үйрену.
№16 Ересектер тобы.
Мұғалім-дефектолог Серікқызы Арайлым