11.01.2021ж күні «Ақбота»санаторлық бөбекжай бақшасының №14 «Жасұлан», №15 «Жұлдызша» ересек топтарында
Денсаулық білім беру саласы
Ұйымдастырылған оқу қызметі:
Дене шынықтыру бойынша ашық шара өткізілді.
Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»
Апта тақырыбы: «Жануарлар әлемі»
Мақсаты: Баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене шынықтыруға қызығушылығын арттыру, денсаулық сақтау технологиясын пайдалана отырып, қозғалыс біліктері мен дағдыларын қолдануға баулу;
Балалардың қимыл әрекеттерін ұйымдастырудың түрлі нысандарында қимылдарды дұрыс орындау біліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
Жас ерекшеліктеріне байланысты жаттығуларда берілген команда бойынша дурыс орындай білулерін жетілдіру.Музыка ырғағына сәйкес түрлі қарқында қимылдар жасай білу дағдыларын қалыптастыру.
Балалардың қысқы спорт түрлеріне қызығушылықтарын ояту, шаңғы спортымен таныстыру, түсінік беру, алғашқы дайындығын қалыптастыру, шаңғы тебудің әдіс-тәсіліне үйрету,меңгерту.
Ұйымдастырылған оқу-қызметіне балалар қызығушылықпен белсене қатысты. Жалпы және негізгі жаттығуларды ойдағыдай орындап, шаңғы тебудің әдісін үйренді. Тәрбиешімен бірге ырғақты қимыл-қозғалысты қайталап, жұмбақты шеше білді.
https://akbota8.goroo-atyrau.kz/zhanaliktar-akbota/8421-%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D0%B5-%D1%88%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%9B%D1%82%D1%8B%D1%80%D1%83-%D0%B1%D0%BE%D0%B9%D1%8B%D0%BD%D1%88%D0%B0-%D0%B0%D1%88%D1%8B%D2%9B-%D1%88%D0%B0%D1%80%D0%B0-%D3%A9%D1%82%D0%BA%D1%96%D0%B7%D1%96%D0%BB%D0%B4%D1%96.html#sigFreeId9ef8e365df
Жалпы дамытушы жаттуғылар Қимылды ойын. «Хоккей»
https://akbota8.goroo-atyrau.kz/zhanaliktar-akbota/8421-%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D0%B5-%D1%88%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%9B%D1%82%D1%8B%D1%80%D1%83-%D0%B1%D0%BE%D0%B9%D1%8B%D0%BD%D1%88%D0%B0-%D0%B0%D1%88%D1%8B%D2%9B-%D1%88%D0%B0%D1%80%D0%B0-%D3%A9%D1%82%D0%BA%D1%96%D0%B7%D1%96%D0%BB%D0%B4%D1%96.html#sigFreeIdbfe3f5c694
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары
https://akbota8.goroo-atyrau.kz/zhanaliktar-akbota/8421-%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D0%B5-%D1%88%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%9B%D1%82%D1%8B%D1%80%D1%83-%D0%B1%D0%BE%D0%B9%D1%8B%D0%BD%D1%88%D0%B0-%D0%B0%D1%88%D1%8B%D2%9B-%D1%88%D0%B0%D1%80%D0%B0-%D3%A9%D1%82%D0%BA%D1%96%D0%B7%D1%96%D0%BB%D0%B4%D1%96.html#sigFreeIda862864ca0
Ырғарты қимылды-қозғалыс Ойын: «Сиқырлы таяқша»
Дайындаған: Давлетова Г.Н.