09 Ақп 2021
Жаңалықтар

Жолаушыға арналған ережелер

Мемлекеттік автоинспекциямен байланыс

 (жолаушыға арналған ережелер)

Бүгін 08.01.2021 күні  №8- «Ақбота» санаторлық бөбекжай бақшасының жоспарына сәйкес Мемлекеттік автоинспекциямен байланыс жасау мақсатында №14,№15- ересек топтарында жолаушыға арналған ережелер таныстырылып, ойындар арқылы бекітілді.

Мақсаты:   Балаларға жолда жүру ережелерімен таныстыруды жалғастыру, жол ережесін сақтау білімдерін пысықтау, жолаушыға арналған ережелерді бекіту.

Жол белгілерін суреттеу арқылы ажырата білу қабілеттерін дамыту.

Жауапкершілік сезімдеріне, баршаға ортақ тәртіпті бұзбай орындауға, жолда жүру және қарым-қатынас мәдениетіне, жолаушы ережелерін сақтай отырып, өз міндеттерін орындауға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңінде шеңберге тұрып, көркем сөз арқылы бір-біріне достық сезімдерін білдірді.

Айтарым бар сендерге,                Қандай жақсы бір тұру

Тез тұрыңдар шеңберге.              Достарыңмен бір жүру

Қол алысып қане біз,                    Бірге күліп, бірге ойнау.

Достасайық бәріміз.                      Қуанышты бөлісу.

Жолда жүру ережесін біл және орында!

Жол белгілерін әңгімелеу. Асылжан    Құрастыру: «Бағдаршам» Аяна