09 Ақп 2021
Жаңалықтар

«Жапырақтан кірпі жасаймыз»

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын                                                   

№ 8 «Ақбота» санаторлық бөбекжай - бақшасы   

                                   

Тақырыбы: «Жапырақтан кірпі жасаймыз»

 

№ 10 «Болашақ» мектепалды даярлық тобы

Дайындаған: жоғары санатты

тәрбиеші Сабырғалиева Д.М.     

 

Мақсаты: Балаларға еңбек туралы түсінік беру, ауладағы  еңбекке қызығушылығын ояту, еңбекті өздігімен жасауға, орындауға, бағалауға үйрету. Өз қолымен жасаған еңбегіне қуаныш, мақтаныш сезімін ояту, қызығушылығын арттыру,  ұжымда еңбек етуде белсенділік, ынта ықыласын көрсетуге білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: АТК –құралы, суреттер, қарандаш, еңбек құрадары-жапырақтар, желім, қайшы, майлық.

 

Жүру барысы:

 

Ұйымдастыру бөлімі: Гүл өсірсең, терелеп,

                                       Мұның аты – еңбек.

                                       Кесте тіксең зерлеп,

                                       Мұның аты – еңбек.

                                       Сабағыңды жөндеп,

                                       Әзірлесең еңбек

                                       Қиындықтың бәрін

                                       Еңбек қана жеңбек.

 

Тәрбиеші: Балалар, еңбек дегеніміз не?

-Балалар еңбек дегеніміз, адамның бір іс-әрекетпен шұғылануы.

- Қандай еңбек түрлерін білесіңдер?

Балалар: Қол еңбек, тұрмыстық шаруашылық еңбек, асханадағы еңбек, табиғат бұрышындағы еңбектер жатады.

Тәрбиеші: Еңбек адамның өзінің қалыптасуына, оның санасына, сөйлеуіне және қабілеттіне қарай қасиеттерін қалыптастыратын шешуші күш болып табылады. Адам еңбек арқылы табиғатқа әсер етеді. Ата-бабаларымыз жас кезінен бастап баланы еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулыған. Жалқау, еріншек, жатып ішер арамтамақ болма, еңбек ет, ата-анаңа қолқанат бол дегенді баланың санасына құйып отырған.  Әрбір жас бала “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” деген мақал рухында тәрбиеленген.

 Балалар еңбек жайында кім қандай мақал- мәтелдер білесіңдер?

1.Еңбек ер атандырады

2.Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

3.Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

Еңбек етсең емерсің.

4.Еңбек түбі – зейнет.

 

Тәрбиеші:Балалар кеше біздер аулада ағаштардан түскен жапырақтарды жинадық. Олардың түстері қандай еді? Ол жапырақтардан не жасауға болады? Жапырақтармен қандай ойын ойнадық? (балалардың жауаптары)

Сергіту сәті: Алтын, сары, қызыл, көк,

                       Алуан-алуан жапырақ.

                       Күзгі бақта күлімдеп,

                       Көз тартады атырап.

                       О, алақай, тамаша,

                       Шашу шашады жапырақ.

                       Бақтың іші алаша,

                      Аунар ма еді жатып ап!

 

Тәрбиеші:Балалар, мына жұмбақтың шешуін кім табар екен:

                           Жұп жұмыр жаны бар,

                           Инеден тоны бар.

                           Түйреген түрпі, ол не?

Балалар: ол кірпі.

Тәрбиеші:Балалар, енді осы жапырақтардан кірпіні қалай құрап жасауға болады. Оны мына үлгіге қарап жасап көрейік.(үлгіні қарау)

Жұмыстың жүру бағыты: Алдымен кірпінің сұлбасын қарандашпен сызып алайық. Содан соң жапырақтардың кішілеуін таңдап, кірпінің басынан бастап жапырақты желімдем жапсыра бастаймыз. Үстіңгі жағын рет-ретімен жапырақты орналастыра, ортасына қарай және асына қарай жапырақтарды көлденең бастырамыз. Дайын болған жұмысты қолға сүлгіні ала қаттырақ бастырамыз. Жұмыстың нәтижесін балалар бір-біріне көрсете, қорытынды жасайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Еңбек туралы мәліметті біледі.

Нені игереді: Берілген сұрақтарға жауап бере, мақал-мәтелдер арқылы

дағдыларын игереді.

Нені білу керек: жиналған жапырақтан кірпінің жасалу жолдарын білді.

                                          Атырау 2020 жыл