09 Ақп 2021
Жаңалықтар

Көркем-дербес ойындар №10 «Болашақ» мектепалды даярлық тобы

Коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.

№8 «Ақбота» санаторлық бөбекжай -бақшасы.

№3 Педагогикалық кеңес

Ашық шара

Көркем-дербес ойындар

№10 «Болашақ» мектепалды даярлық тобы

 

Дайындаған:  жоғары санатты тәрбиеші

Тулегенова.А.Қ

 

                                                         Атырау

 Бекітілді:                                                                                      17.11.2020.ж

                             Көркем –дербес ойындар мақсаты:

Білімділік: Балалардың  қимыл-қозғалыс  дербес әрекеттері арқылы  ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Дурыс,анық сөйлей білуге үйрету. Ойындар мазмұнын түсініп ойнай білулеріне назарларын аудару.

Дамытушылық: Танып- білуге құштарлықтарын арттыру. Танымдық, ойынға деген белсенділік қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды ойын ойнау барысында қойылған мақсатқа мән беріп, түсініп ойнай білуге тәрбиелеу. Бір-біріне деген сыйластық сезімдерін арттыру.

Ортаға тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық!

Барлығымыз жақсы көңіл күйде бір- бірімізге тілек айтайық!

Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

«Қандай жақсы дос деген»

Қол алысып кәне біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрындар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарымен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу! 

Лото-ойын:  Ой-өрісті дамытуға арналған ойындар «Жұмбақ заттар» Карточкаларды сәйкестендіріп таба білу дағдыларын қалыптастыра отырып, ойлау қабілеттерін дамыту.

«Жемістер мен көкіністер»

Мақсаты: Лото карточкаларымен ойындар арқылы жеміс-жидектер, көкіністерді айыра білу, олардың адам ағзасына пайдасынын зор екендігін түсіне білулерін пысықтау. Лото құрастыру барысында тапсырманы дурыс орындауларын қадағалау.

Балалар  үш топка төрт баладаң бөлініп  лото карточкалары таратылып, ойнатылады.

«Қара құлақ»

Ойынға 5-10 бала  қатысады.Олар оңаша жерге топталып өз араларынан бір баланы қазық етіп белгілейді.Қазық тұрған жерінде қозғалмай тұрады.Басқаларыәрікетеді.Содан кейін ойынға қатысушылар қазықты алыстан қоршап бірте-бірте жақындай түседі
Таяпкеліп мынау кім? –деп бір-бірінен сұрасады.Біреуі ойбай бұл қарақұлақ  қой!-деп қаша жөнеледі.Қалғандары да –қарақұлақ,қарақұлақ!-деп бытырай қашады.Қарақұлақ біреуін ұстау үшінтұра қуады.Ұсталған  бала қарақұлақ болып,ойын әрі қарай  жалғасады.

Мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Диалогмен сөйлесіп бір-біріне сұрақ қоя білуге үйрету. Ептілікке баулу. Ойын ойнау барысында бір- біріне деген сыйластық сезімдерге тәрбиелеу. Сөздік қорларын молайта отырып, анық сөйлеп ойнау қабілеттерін дамыту.

«Қай жануар қалай қимылдап дыбыстайды»

Үй жануарлары мен жабайы жануарлар туралы білімдерін арттыру. Балалар екі топқа бөлінеді. Біреулері жабайы жануарлар командасы, екіншілері үй жануарлар командасы болып бөлінеді. Мимика бойынша ол қандай жаунар екенің айырып сол жануардын суретін кімде екенін көрсетіп, оны сипаттап береді. Сөйиіп ойын жалғасын табады.

Мақсаты: Балалардың қоршаған орта, оның ішінде тірі табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Балалардың байланыстырып сөйлеуге тәрбиелеу. Жан-жануарлардың қимыл-әрекеттері бойынша танып, танымдық қабілеттерін дамыту.

Д/о «Тіршілік көзін сақта» («Береги живое»)

Мақсаты:  Табиғатта өздерін қалай ұстау керек жолдарына үйрету. Қамқорлық сезімдерін арттыру.Балалардың екі тілде сөйлеу қабілеттерін дамыту.

-От жағуға болмайды. (Нельзя разжигать костры)

-Өзіннен кейін қоқыс қалдырма. (Не оставля после себя)

-Құс үяларын, қумырсқа илеулерін бұзба. (Не разорять гнезда птиц, муравейник)

-Гүлдерді жұлма, бұтақтарды сындырма. (Не рвать цветы, не ломать кусты)

-Орманда айқайлауға болмайды. (Не кричать в лесу)

Қорытынды: Балалар біздер бүгін біздер бір-неше ойындар ойнаулар арқылы өздеріміздің білетіндерімізді ойындар арқылы шындадық. Біз бүгін қандай ойындар ойнап және ойындар барысында не істедік? Деген сұраққа балалардың жауаптарын тындау.

Тәрбиеші балаларға өз еректерімен ойындар ойнауға ұсынады. Балалардың ойын ойнау жұмыстарын сырттай бақылап отырады, олардын бір-бірімен жақын қарым қатынаста дос болып ойнауларын қадағалайды.