09 Ақп 2021
Жаңалықтар

« Тіл,математика,спорт олимпиадасы.»

Интеллектуалдық ойын: « Тіл,математика,спорт олимпиадасы.»

Жүргізген тәрбиеші: Кушкалиева Ж.А.

Жүргізуші:

Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар,!

Сайыстан тыс қалмаңыздар

Мұнда қызық табылар,

Білім нұры шашылар.

Екі команда қатысады:Ұрандарымен таныстырады.

1-ші команданың аты: «Сұңқар»

2-ші команданың аты: «Тұлпар»

1.Сайыс: «Кім шапшаң?»

Қатысушылар кезегімен жолдағы кеглилерден ирек жүгіріспен барып,10-ға дейінгі сандарды ретімен қойып,межені айналып келеді.Қай команда бірінші болып аяқтаса сол жеңімпаз болады.

2.Сайыс: «Бәйге»Командаларға сұрақтар беріледі.Қай команда бірінші болып және дұрыс жауап берсе сол жеңімпаз атанады.

3.Сайыс: «Көкөніс пен жемістерді жинау.»

Бір шұңқырда жатқан жемістер мен көкөністерді бір команда көкөністерді,бір команда жемістерді теріп алып өз алдарындағы шелекке салады.

4.Сайыс: «Жаңылмай жұмбақ шешейік»

Жұмбақтың шешуін үш тілде шешеді.Жұмбақтың шешуін қазақша тапса 1 ұпай,қазақша мен орысшасын тапса 2 ұпай,ағылшыншасын тапса 3 ұпай беріледі.

Жүргізуші:

Кімдер жүйрік,өнерпаз біз білейік,

Бақшамыздың мақтанышы деп жүрейік.

Ой-санасын ұштайық суреттермен,

Келесі айналымға біз өтейік.

Жүргізуші:

Жарыстарда озатын,

Бәрінен алда болатын.

Болашаққа бүгіннен,

Құлшына қол созатын,өдеп командаларды марапаттау.

Тәрбиеші Кушкалиева Ж.А.